Үш балалы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ болғандар жазалана ма?
Үш балалы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ болғандар жазалана ма?
104
оқылды

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полициядағылар Алматыда үш балалы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ болғандарға қатысты түсінік берді. Бұл жайында қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

- Осы факті бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабы, яғни "Зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Соның аясында тергеудің объективтілігі, жан-жақтылығы және толыққандығы қағидаттарын сақтай отырып, тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алматыда үш балалы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ болғаны туралы "Не молчи KZ" қоғамдық қоры хабарлады.

- Ол ақшасын аламын деп өзі жұмыс істеген нысан басына барған. Мас жұмысшының бірі оған тиіспек болып, денесіне қолын жүгірткен. Ер адамның ағасы бұл жағдайға куә болып, әйелге көмектескеннің орнына есікті іштен бекітіп жапқан. Әйел көмекке шақырып, жан дауысымен айғайлай бастайды. Сол кезде әлгі екеуі оны аяусыз соққыға жыққан. Арпалыс кезінде әйел туысына қоңырау шалып үлгерген, ол полиция шақырған.