Айтыскер Ринат Заитов қызметке тағайындалды

Айтыскер Ринат Заитов қызметке тағайындалды

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрына айтыскер Ринат Зайтов директор болып тағайындалды. Бұл ақпаратты театрдың PR-менеджері растады.

"Алатау" дәстүрлі өнер театрының бұрынғы директоры басқа қызметіне ауысуына байланысты өтініш жазған. Бүгін Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев келіп тағайындады. Бұған дейін бұл қызметті атқарған кісі басқа жұмысқа ауысып, қызметінен кетті", - деді театрдың PR-менеджері. Айтуынша, Ринат Зайытов қазір театрды аралап, жұмыс орнымен танысып жүр.