Иттер фермердің 200 қойын айдап әкеткен
Иттер фермердің 200 қойын айдап әкеткен

Бұл иттер қой ұрлауға арнайы үйретілген екен.

Осындай оқиға бір емес, үш рет  Ұлыбританияның Уилтшир округінде болған. Sky News хабарлағандай, бірінші оқиға қараша айында, екіншісі мен үшіншісі желтоқсанда болғаны анықталды.

Полицияның айтуынша, барлық қылмыс мұқият жоспарланған. Мұндай ұрлықты жүзеге асыру үшін арнайы үйретілген, тәжірибелі иттер болуы керек. Өйткені, соңғы бес жыл ішінде полиция ауылшаруашылығы дамыған Вильтширде қой ұрлығына қатысты 17 фактісі тіркелген.