Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 ақпаннан бері «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Заңсыз айналымнан бес қару анықталып, баллистикалық сараптама тағайындалды.«Тек үш күнде 2 мыңнан астам қару иелері тексерілді. Нәтижесінде 100-ге жуық тұрғынның қаруды сақтау, тіркеу, тасымалдау ережесін бұзғаны анықталды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың үйінде сақталған қаруы тәркіленді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.