Динара Закиева: Интернаттардағы жағдай біздің тексеруден кейін жақсаруда
Динара Закиева: Интернаттардағы жағдай біздің тексеруден кейін жақсаруда
172
оқылды

Балалар өте нашар жағдайларда өмір сүреді.

Опырылып жатқан едендер, көшедегі дәретханалар, ыдыстағы тарақандар - интернат мекемелеріндегі қазақстандық балалар (Балалар үйлерімен шатастырмаңыз) өте нашар жағдайларда өмір сүреді.

Бұл жайтты елімізді түгел аралап шыққан " Nur Otan "партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес жұмыс тобының мүшелері анықтаған.

Қазақстанның барлық өңірлері мен 1300 мекемені аралаған жұмыс тобының сапар қорытындысы бойынша, қалыптасқан жағдайды түзетуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды. Комиссия мүшелері тек интернат мекемелерін ғана емес, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің басқа да ұйымдарын тексеріп, әрқайсысы бойынша толық есеп дайындап, кешенді шаралар қабылданды.

Бірақ белсенді жұмыс жалғасуда. Қандай олқылықтарды анықтағаны және еліміздің балалар мекемелері қалай өзгеретіні туралы "Nur Otan" партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева Liter.kz-ке берген сұхбатында әңгімелеп берді.

- Біздің өңірлерге сапарымыздың қорытындысы бойынша толық есеп дайындалып, оны Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынылды. Біздің қорытынды есепте негізгі жүйелік мәселелер көрсетілді, және оларды шешу бойынша қазіргі уақытта біз орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеудеміз.

- Қазақстан бойынша сапар барысында бірқатар мәселерлер анықталды, соның ішінде сіз мектеп-интернаттардың тақырыбын көтердіңіз …

- Иа. Қазіргі таңда тынымсыз жүргізіліп жатқан маңызды мәселелердің бірі – бұл интернат мекемелеріндегі балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту. Елімізде барлығы 518 интернат мекемелері бар. Бұл жиі шатастыратын балалар үйі емес. Бұл шалғайдағы елді мекендерден, ауылдардан және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардан шыққан 7-18 жас аралығындағы балалардың 10 айға жуық мерзімде тұратын мекеме. Мұндай интернаттық мекемелердің арасында дарынды балаларға арналған, есту, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына арналған интернаттар бар. Әрбір интернатта 400 дейін бала тұрады. Өңірлердегі жұмыс барысында, біз көптеген интернат мекемелерінде балалардың өмір сүру жағдайы алаңдаушылық туғызатынын байқадық.

Көптеген мекемелер күрделі жөдеуді, ауланы, ішкі және сыртқы абаттандыруды қажет етеді. Біз барған интернаттық мекемелерде опырылып жатқан едендерді, темір торлы металды керуеттерді, моншалар мен душ бөлмелерін көрдік, сонымен қатар аула мен ішкі дәретханалары (аула дәретханаларына түнгі уақытта ерекше қажеттіліктері бар балалар баруға мәжбүр) өте нашар жағдайда.                                                     Тамақтану бойынша: асханадағы санитарлық нормаларға сай келмейтін жағдайлар анықталды – ас бөлмесіндегі ыдыстағы тарақандар, азық-түлікті сақтау жағдайлары мен тамақ сапасы.

- Сіздің ескертулеріңізді ескере отырып, бұл мәселені шешу жоспарыңызды айта кетсеңіз?

- Біз ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Бас Прокуратураға, СЭС мекемесін қоса алғанда, 2020 жылы кешенді тексерулерді ұйымдастыру туралы хат жиберілді. Бірінші кезекте, Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласындағы интернаттарға ерекше назар аударуды сұрадық. Жалпы интернаттардың ең көп саны Солтүстік Қазақстан облысында – 68, Батыс Қазақстан облысында – 64, Қарағанды облысында – 48, Шығыс Қазақстан облысында – 42, Түркістан облысында – 37, Алматы облысында – 30 интернат орналасқан.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен үлкен жұмыстар жүргізіліп, алғашқы нәтижелерге қол жеткіздік. Біздің ескертулерден кейін көптеген мекемелерде оларды жою бойынша белсенді жұмыс басталды. Күн сайын бізге фотоесептерді жіберіліп, айырмашылықтар көрінуде. Барлық анықталған мәселелерді орындау партияның бақылауында.

Екі ай мерзімі ішіндегі балалар жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы бірнеше мысал келтірейін. Жұмыс жыл бойы жалғасады.

Мәселен, Түркістан қаласындағы М.Ерубаев атындағы мектеп-интернатында 655 бала оқиды, оның ішінде 385 бала интернатта жатады! Тексеріс барысында интернат асханасындағы ыдыстың ішінде тарақан табылды, сынық ыдыстар мен санитарлық нормалар бұзылғаны анықталды. Монша мен санитарлық торап, ауладағы дәретхана жағдайда өте нашар, гигиенаға сай емес және балалар үшін қауіпті. Балалар тұратын жатын бөлмелерде - металл серіппелі кереуеттер, оларда тіпті отырғанда да денеге батады. Аумақ, асфальт балалардың жарақат алуына қауіпті.

Қазіргі уақытта анықталған ескертулер бойынша бір ай ішінде келесі жұмыстар жүргізілді: Санитарлық нормалардың талаптарына сәйкестендіру, тамақтану сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданды. 50 керуерт пен 30 шкаф, жаңа тоңазытқыш, кір жуғыш машиналар, электро плиталар, салқындатқыштар, су жылытқыш пен жылытқыш сорғышы сатып алынды. Ағаш орындықтарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 260 матрацт, 390 төсек-орын жабдығы, көрпе мен киім жаңартылды. Қызметкерлердің жауапкершілігіне қатысты да шаралар қабылданды. Жұмыс әлі жалғасуда. Сондай-ақ, материалдық-техникалық базаны жаңартуға қосымша 10 млн.теңге бөлінді. Жұмыс тобының Түркістан облысына сапарының қорытындысы бойынша облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап облыстың мектеп-интернаттардың асханаларына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын (аутсорсинг) енгізуді тапсырды. Жоба облыстың 20 мектеп-интернатында жүзеге асырылатын болады. Алматы облысының Сарқан облыстық мектеп - интернатында біз шұғыл түрде назар аударуды қажет ететін фактілерді анықтадық. Ғимарат ішінде жылы дәретханалардың болмауы, бұл денсаулығы нашар балалардың тіпті қысқы және түнгі уақытта да көшеге баруға мәжбүр екендігін ескере отырып, жол берілмеуі тиіс факті. Сонымен қатар, жиһаз, жұмсақ құрал-саймандар өте нашар жағдайда. Бүгінгі күні 2020 жылы күрделі жөндеу туралы шешім қабылданып, 10 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Талдықорған қ. Д. Рақышев атындағы мектеп-интернатында 2020 жылы жөндеуге және балаларға арналған ойын алаңдарының құрылысына, оқушылардың демалыс бөлмесіне және монша мен душ бөлмелерін жақсартуға 35,5 млн теңге қаражат бөлу жоспарлануда.Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Ж. Құдайбергенов атындағы мектеп жанындағы интернат бойынша, ауланы абаттандыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда. Ақтөбе облысындағы Жайсан арнайы білім беру ұйымына біздің ескертулеріміздің нәтижесінде киімге арналған шкафтар 32 дана, 27 тумбалар мен 20 кітапқа арналған сөрелер сатып алынды. Жақын арада, жиһаздардың тағы бір партиясын жеткізу күтулуде. Сондай-ақ, жаңа бір орындық жіне екі орындық керуерт сатып алуға байқау жарияланады, және 2020 жылғы күрделі жөндеу барысында есіктер ауыстырылып, жатын бөлмелер жабдықталады. Шымкент қаласындағы дарынды балаларға арналған М. Тасова атындағы №12 мектеп-интернаты. Мектеп-интернатында 482 бала оқиды, 250 бала интернатта тұрады. Қазіргі таңда ескертулердің нәтижесінде 58 матрацтар мен төсек-жаймалары ауыстырылып, 250 керуерт пен 240 партаны сатып алу күтілуде. Сонымен қатар, біздің өтініш негізінде әкімдік тарапынан балалардың тәрбиешілермен қарым-қатынасы туралы шағым бойынша тиісті шаралар қабылданды. - Жақында Ленгер қаласындағы интернаттағы жағдай талқыланды, қоғамда да бұл мәселе көтерілді. - Жұмыс тобының сапары кезінде осы интернатқа бардық, және бұл интернат Бас прокуратурамен тексеруді ұйымдастыру мекемелер тізіміне енгізілді. Қазіргі уақытта Ақмарал Өміралиновадан қажетті материалдар алынып, оларды партия кураторы мен Түркістан облысы партия филиалына осы мәселені зерделеу және шара қолдану үшін жіберілді. Бұл мәселені көтерген Ақмарал Өміралина біздің жұмыс тобымыздың құрамында Шымкент қаласында жұмыс сапары кезінде, қоғам өкілі ретінде қатысты. Төле би аудандық партия филиалы осы мекемеге барып, жағдайды зерделеп, оны бақылауда ұстауды жалғастыруда. Тамақтануды жақсарту үшін мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жүйесін бірінші болып Леңгір қаласындағы нашар еститін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта енгізілетін болады. - Үлгі бола алатын мектеп-интернаттар бар ма? Әрине, дамыту ортасы мен бағдарламалары бойынша бірнеше мекемелерді мысалға келтіруге болады. Мәселен, біз зерттеген интернаттар ішінде, ерекше балаларды дамыту үшін барлық заманауи жаңашылдықтарды ескере отырып салынған Шығыс Қазақстан облысындағы "Ақ Ниет" интернат - үйі, Жамбыл облысындағы Н. Тілендиев атындағы көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арналған мектеп-интернаты, Павлодар облысындағы нашар көретін балаларға арналған интернаты. - Анықталған мәселелерді шешу үшін сіздің бастамаңызбен "Бақытты отбасы" Жол картасына "Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым" акциясының іске қосылғанын білемін. Ол туралы толығырақ айтып бере аласыз ба? - Жол картасы отбасын қолдау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу орталығы жүйесін дамытуды қамтитын отбасыларды қолдауға бағытталған іс-шаралардың ауқымды және нақты тізбесін қамтиды. Суицид, қатыгездіктің алдын алуға, отбасындағы зорлық-зомбылықты анықтауға жеке бөлім арналған. Сондай-ақ қосымша білім берумен қамтуды ұлғайту, балаларға арналған жаңа инклюзивті алаңдарды және инфрақұрылымды құру, даму ерекшеліктері бар балаларды қолдау жөніндегі шаралар, балалар мен отбасы үшін достық инфрақұрылым қалыптастыру да басты назарда. Сонымен қатар, үлкен бөлім қауіпсіздікке, атап айтқанда аулалардың люктерінің қауіпсіздігіне, камералармен қамтамасыз етуге, аулалық дәретханаларды жою мен мекемелердің ішкі бөлмелерінің жабдықтауға арналған. Жоспарды жүзеге асыру мерзімі 2021 жылға дейін. Өңірлерде анықталған мәселелерді шешумен қатар, Жол картасының барлық тармақтарын іске асыруды қамтамасыз ету - біздің басты міндетіміз. Жасалынатын жұмыстардың нәтижелерін жариялап отыратын боламыз.