Мұз астына түсіп кеткен балалар құтқарылды (Видео)
Мұз астына түсіп кеткен балалар құтқарылды (Видео)
159
оқылды

Оларды құтқару операциясы полицейдің бейнежетонына түсіп қалған.

«Атырауда төрт ер бала мұз астына түсіп кетті. Көмекке полицейлер келді. Құтқару операциясы полицейлердің бірінің бейнежетонына жазылған», – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі. Оқиға туралы 11 жасар зардап шегушінің анасы Құралай Мусина айтып берді. Оның айтуынша, 4 қаңтарда кәмелетке толмаған төрт бала Орал өзенінің мұзына шыққан. Бір сәтте жұқа мұз жарылып, төртеуі суық суға күмп ете қалады. Балалардың бірі оқиға туралы полицияға хабарлап үлгереді. Шақырту түскеннен кейін капитан Қуандық Сүйіндіков пен лейтенант Тимур Балмағанбетов көмекке келді. Олар 2004 және 2005 жылы туған ұлдарды жағаға шығарып алды.

Полиция қызметкерлерінің бірінің бейнежетон жазбасында полиция қызметкері өзен ортасындағы балаларға қарай бара жатқанын көруге болады. Құтқару кезінде ұлдардың аяқ-қолдары ұйып қалған. Жасөспірімнің бірі полицейдің құтқаруға келуі қауіпті екенін түсініп, полицейдің кетуін өтіне бастады. "Аға, қазір мұз жарылып кетеді. Бізді құтқармай-ақ қойыңыз! Ана, мен сені сүйемін!"- дейді жасөспірім. Полиция қызметкерлері 11, 14 және 15 жастағы үш жасөспірімді құтқарды. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді. 2004 жылы туған тағы бір баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

https://youtu.be/1RAs4duevwI