«Түркістан-Арена» стадионы УЕФА сертификатына ие болды
«Түркістан-Арена» стадионы УЕФА сертификатына ие болды
195
оқылды

Түркістандағы стадион УЕФА сертификатына ие болды, деп хабарлайды «Тұран» ФК баспасөз қызметі.

 Қазақстанның кəсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев Түркістан қаласына маңызды сапармен келіп, «Түркістан-арена» стадионын UEFA-ның халықаралық талаптарына сай сертификациядан өткізді.  Әлемдік деңгейдегі талаптарға сай салынған стадионның футбол алаңына канадалық газон төселген. 7 мың орындық стадион қажетті қондырғылармен толық қамтылған. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған. Биыл 2-6 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Суперкубок ойындары «Түркістан-арена» стадионында өтеді.  2 наурыздан бастап 6 наурызға дейін еліміздің клубтары Нұр-Сұлтан қаласының «Астана», Алматының «Қайраты», жəне Қарағандының «Шахтер» командасы мен Қостанайдың «Тобылы» Суперкубоктың жүлдесін сарапқа салады.