2020 жыл: Қазақстан демографиясында жаңа рекорд!
2020 жыл: Қазақстан демографиясында жаңа рекорд!
222
оқылды

Өткен жылы Қазақстанда 42 5625 бала дүниеге келді. Бұл 1987 жылғы рекордтық көрсеткіштен 8 486 балаға артық. Аталған ақпаратты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Өңірлердің көш басында Түркістан облысы тұр. Былтыр облыста 61 186 бала өмірге келді. Одан кейінгі орындарға Алматы облысы (54 130), Алматы қаласы (35 450), Шымкент  (31 438) және Нұр-Сұлтан қаласы (29 664) орналасты. 2020 жылы қыздарға қарағанда ұл балалар дүниеге көп келді. Статистикаға жүгінсек, ұл баланың саны 220 143 болса, қыздар – 205 482. Алайда 2020 жылы некеге тұрғандардың саны 2019 жылға қарағанда 10 666 жұпқа азайды. Бұған басты себеп әлемдегі пандемия болуы мүмкін. 2019 жылы АХАЖ бөлімінде 139 504 жұп тіркелсе, былтыр 128 838 жұп отау құрды. Керісінше, елімізде ажырасулар саны азайды. 2019 жылы 60 мыңға жуық жұп некесін бұзса, 2020 жылы 22 513 жұп ажырасты.