Республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі жабылды
Республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі жабылды
117
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесі жабылған. Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» жолының 1353-1425 шақырымы. «Қызылорда-Павлодар» жолының 1066-1135 шақырымы, Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» жолының 1291-1353 шақырымы. «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-200 шақырымы, «Нұр-Сұлтан - Щучье» жолының 18-231 шақырымы. Павлодар облысында «Қызылорда-Павлодар» жолының 1135-1206 шақырымы. Алматы облысында «Үшарал-Достық» жолының 83-184 шақырымы. Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Семей» жолының 10-198 шақырымы жабық тұр. «Нұр-Сұлтан-Қарағанды» автожолында 67 фура мен 70 адам, «Нұр-Сұлтан-Щучье» автожолында 240 техника мен 650 адам, Ақмола облысында «Екатеринбург – Алматы» жолында, Аршалы кентіне жақын жерде 37 техника мен 107 адам, «Щучье - Нұр-Сұлтан» автожолында Щучье қаласына кіреберісте 200 техника мен 575 адам, Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Семей» автожолында Семей қаласы мен Герасимовка кентіне жақын жерде 17 автомобиль мен 45 адам, Қарағанды облысында барлығы 264 техника мен 630 адам кептелісте тұр. 7 ақпаннан бастап ТЖМ ахуал орталығында республикалық жедел штаб жұмыс істеуде. Оның құрамына «Қазавтожол» ҰК АҚ және «Қазақавтодор» ЖШС де кірді. Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында да осындай штабтар жұмыс істеуде.