Алматы облысы Бесқайнар ауылындағы шаруа қожалығы иесі арыстан асырап жатқаны анықталды. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 ақпан күні Талғар ауданының полиция басқармасына осы жағдай бойынша шағым келіп түскен. Тәртіп сақшылары шағым бойынша белгіленген мекенжайды тексеруге барғанда ақпарат расталған. "Ірі жыртқыш аңды заңсыз ұстау бабы бойынша аталған факті тіркелді. Жануар алдағы уақытта бір жерге орналастырылғанша арнайы қолхатпен иесінің қолында болады",– деп хабарлады полиция департаменті.