7 облыс аумағында ескерту жарияланды
7 облыс аумағында ескерту жарияланды
"Қазгидромет"  7 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. 9 ақпанда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел батыстан, солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы кей жерлерде 18 м/с жетуі мүмкін. Ақмола облысының кей жерлерінде боран, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді. Көкшетауда ертең түнде және таңертең жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, 9-11 ақпанда кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Қызылорда қаласында 9-11 ақпанда тұман түсуі мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 18-23 м/с жетеді. 9 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде күшейіп 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 9 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Петропавлда ертең жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерінде күшейіп 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қарағанды қаласында ертең жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.