Суперчемпион Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісті
Суперчемпион Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісті
ESPN телеарнасының тілшісі Сальвадор Родригес қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық Риото Мурата (16-2, 13 КО) арасында келіссөз жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
"Маған Головкин мен Мурата арасындағы кездесу ұйымдастыру үшін келіссөз жүріп жатқанын растады. Бірақ Головкинмен кездесу үшін Риото бір кездесу өткізіп, бабына еніп алуы керек", – деді Родригес. 
Еске салайық, Мурата орта салмақта Сауль Альварес (54-1-2, 36 КО) суперчемпион атағын тастап кеткеннен кейін WBA белбеуінің иегері атанды. Ал Головкин болса орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері.