Шығыс Қазақстан облысы «Nur Otan, » партиясының Бесқарағай аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына көп жылдан бері жеке куәлігін ала алмаған зейнеткер келіп, партиядан көмек сұрады.
– Зейнеткердің өтінішінен кейін тиісті орындарға хабарласып, мәселенің шешілуіне атсалыстық. Арада көп уақыт өтуіне байланысты зейнеткерге жеке куәлік рәсімдеу біршама уақытқа созылды. Мәселені шешу барысында аудандық көші-қон полициясына, ШҚО ІІД-не сұрау салынды. Нәтижесінде, мәселе оң шешімін тапты, – дейді «Nur Otan» партиясының Бесқарағай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Омаров. Белокаменка ауылының тұрғыны Л.Шостак КСРО үлгісіндегі паспорты Қазақстан тәуелсіздік алып, құжаттар жаңа үлгіге ауысқан тұста, дер кезінде жеке куәлігін рәсімдей алмаған. Жеке куәлігінің болмауына байланысты зейнеткерге зейнетақыны алуға, қандай да бір жәрдемақыны рәсімдеуге, медициналық ем алуға мүмкіндігі болмаған. – Көптен күткен жеке куәлікті алып, бүгінге дейін ала алмай жүрген зейнетақымды және де өзге мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекті алуға мүмкіндік туды. Осы мәселенің нәтижелі шешілуіне тікелей ықпал еткен «Nur Otan» партиясына алғысымды айтамын, – деді зейнеткер Л.Шостак.Әбілмансұр ЖАСАН