Тұрғындардың талап-тілегі бар
Тұрғындардың талап-тілегі бар
173
оқылды

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ғалым Байымбетов қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар түрлі мәселені ортаға салып, көмек сұрады.

Жас маман Майгүл Төлепова 2017 жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша Талсуат ауылына жұмысқа барғанын айтты. Әңгіме арасында бағдарлама бо­йынша өзіне берілген тұрғын үйде еш жағдай жасалмағанын, үй апатты жағ­дайда тұрғанын жеткізді. Сөз соңын­да ол үйді қайта қалпына кел­тіруді немесе басқа баспанамен қам­тамасыз етуді сұрады. Ал Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылынан келген Шыңғысбек Көп­бай 2013 жылы «Байқоңыр» әлеу­меттік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамынан «Аламан 2020» ЖШС атынан бір топ азамат болып келісімшарт негізінде несие алып, бүгінде барлық құрылтай­шы­лардың несие қарызды өтемеуі сал­да­рынан өзі секілді бірнеше аза­маттың (қарызын өтеген азамат­тардың) зардап шегіп отырғанын айтты. Ол қарызын өтеген азаматтар борышкерлер құрамынан шығарылса екен деген өтінішін білдірді. Қабыл­дауға келген өзге тұрғындар Ақкенже Құлтанова ипотекалық тұрғын үй алу жолдарын білгісі келсе, Алиасқар Оразбаев осы айдағы зейнетқасының неге кешігіп жатқанын анықтап бе­руін талап етті. Қабылдау барысында көтерілген мәселелердің мазмұнына сәйкес  кеңес беріліп, тиісті сала маман­дары қолдау көрсететін болды.

Әбілмансұр ЖАСАН