Сәбиін өлтіргені үшін сотталды

Сәбиін өлтіргені үшін сотталды

Үйінде дәретханада босанып, сәбиін өлтіргені үшін Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны сотталды. Оқиға 2020 жылдың 22 тамызында болған. Жедел жәрдем бригадасы баланың өліп қалғанын анықтаған.

Полиция Қылмыстық ко­декс­тің 99-бабы 3-бөлігі «Жас баланы өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғап, 2021 жылдың қаңтар айында істі сотқа жіберген бо­латын. Сотта қыз өзінің жүкті еке­нін білмегенін айтып ақталды. Ай­туынша, салмағы шамамен 120-130 келі болғандықтан, бойы­нан өзгеріс байқамаған. Ал жүк­тілік кезінде етеккірдің келмегенін бүйрек ауруы мен гормондардың бұзылуынан шығар деп ойлаған. «Отырыста өзімді қатты жай­­сыз сезініп, үйге кетіп қалдым. Ішім ауырып, дәретханаға кіргем, баланы сол кезде көрдім. Басы шы­ғып келе жатқанда шошып кет­тім. Бірақ ол дәретханаға құлап кет­ті. Ағамның әйелінен кіндік кесетін қайшы әкеліп беруін өтін­дім. Сосын баланы унитаздан шығарып, оны тегенеге жатқызып, пакетпен жауып қойдым», – деді сотталушы. Оның айтуынша, бала өлі ту­ған, денесі көгеріп кеткен екен. Алайда сараптама баланың ауыз қуысы мен мұрын қуысын жабу арқылы механикалық асфик­сиядан қайтыс болғанын анық­тады. Сот істі Қылмыстық ко­декстің 100-ба­бына, «Жаңа туған баланы ана­сының өлтіруі» деп өзгертіп, сот­­­талушының екі жыл­ға бас бос­тандығын шектеуге үкім шығарды.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИ