«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Батпақұлова облыс тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктеме мен кеңес берілді. «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Батпақұловаға облыс тұрғыны денсаулық жағдайына байланысты тірек-қимыл жүйесі аппаратын алуға өтініш білдірді. Тұрғынның денсаулығы екінші рет жүрек талмасы (инсульт) алғандықтан күрт нашарлап, нәтижесінде қозғалыс кезінде қиындықтар пайда болған. Халық қалаулысы өтініш иесінің тілегін орындап, қоғамдық бірлестік жанынан тірек-қозғалыс аппаратын сыйға тартты. Қоғамдық қабылдау бөлмесінде әр мәселеге жіті назар аударылып, істің себеп-салдары анықталды. Сондай-ақ мамандардың кеңестері қажет болатын өтініштер қабылданып, жауабы міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетіні айтылды.
Әбілмансұр ЖАСАН