Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына 178 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді
Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына 178 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді

Атаулы әлеуметтік көмек биыл шын мұқтаж отбасыларға ғана беріледі, – деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Атаулы әлеуметтік көмектің өзі отбасының барлық мүшелері үшін жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

Былтыр 2 миллионнан аса отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл азаматтар жайлы ақпараттар деректер базасында сақталған. Биыл олардың саны өзгеруі мүмкін. Өйткені мемлекет аталмыш төлем ережесін жан-жақты талқылап, қолданысқа енгізді.

Бұл мәселеге қатысты Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев: «Халыққа түсіндіріп айтсын. Қолдарына қағазды берсін. Ол қағаз жеткіліксіз болса, онда Халыққа қызмет көрсету орталықтарына шақырту керек», — дейді.

Жалпы биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеу үшін қазынадан 177,6 млрд теңге бөлінеді. Жәрдемақыны 346 800 отбасы алмақ.