Жәрдемақы алуға жеке куәлік жеткілікті
Жәрдемақы алуға жеке куәлік жеткілікті
5,099
оқылды

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд теңге бөлінеді, — деп хабарлайды 24.kz.

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрін тағайындауға өтініш қабылдау 5 қаңтардан басталды. Жәрдемақы алу үшін құжат рәсімдеуге жеке бас куәлігі жеткілікті.

Бұл мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі.

Яғни бала санына қарай 42 496  теңгеден 74 388 теңгеге дейін төленеді.

Айта кетейік, егер бұл отбасы табысы бойынша аз қамтылғандар санатына жататын болса, онда бұл жанұяға жаңа жәрдемақыдан бөлек атаулы әлеуметтік көмек беріледі.