Мал азығын жеткізіп бермек
Мал азығын жеткізіп бермек
105
оқылды

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық  филиалына жемшөп мәселесі жөнінде ауыл тұрғындарынан арыз-шағым келіп түсті.

Аталған мәселені шешу мақса­тында «Каспий» ӘКК басшылығы, облыстық ауыл шаруашылығы бас­қармасы және аудан әкiмдiгi, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен көршілес Ақтөбе облысынан қажет рулон (орама) шөп жеткiзiліп жатыр. Қазір Ақтөбеден әкелiнген шөптiң бағасын тұрақ­тандыру, төменгi бағада сату бо­йынша бiрқатар келiсiмге қол жет­кiзiлдi. Бүгінде жеке кәсiпкер М.Қар­мысовтың «Сегiзбай Ата» кәсiпкерлiк базасынан үлкен ораманың 1 ора­масы 15 000 теңгеге, кiшi орама 12 000 теңгеге сатылып жатыр. Жақын күндерi аталған ауданға 600-ге жуық орама шөп жеткiзу жос­парланып отыр. Мал азығына сұра­нысты ауылдарға жеткізу ауыл әкім­шілігі арқылы ұйымдастырылады. Аудан тұрғындарынан төрт түлік малына  шөп аламын десе, ауыл әкімдіктеріне хабарласу сұралуда және ауданға көрші облыстардан мал азығын әкелу жұмыстарын жүйелі  ұйымдастыру үшін уақытылы сұра­ныс беруі керегі қоса хабарланды.

Әбілмансұр ЖАСАН