«Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалына жемшөп мәселесі жөнінде ауыл тұрғындарынан арыз-шағым келіп түсті.
Аталған мәселені шешу мақсатында «Каспий» ӘКК басшылығы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және аудан әкiмдiгi, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен көршілес Ақтөбе облысынан қажет рулон (орама) шөп жеткiзiліп жатыр. Қазір Ақтөбеден әкелiнген шөптiң бағасын тұрақтандыру, төменгi бағада сату бойынша бiрқатар келiсiмге қол жеткiзiлдi. Бүгінде жеке кәсiпкер М.Қармысовтың «Сегiзбай Ата» кәсiпкерлiк базасынан үлкен ораманың 1 орамасы 15 000 теңгеге, кiшi орама 12 000 теңгеге сатылып жатыр. Жақын күндерi аталған ауданға 600-ге жуық орама шөп жеткiзу жоспарланып отыр. Мал азығына сұранысты ауылдарға жеткізу ауыл әкімшілігі арқылы ұйымдастырылады. Аудан тұрғындарынан төрт түлік малына шөп аламын десе, ауыл әкімдіктеріне хабарласу сұралуда және ауданға көрші облыстардан мал азығын әкелу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру үшін уақытылы сұраныс беруі керегі қоса хабарланды.Әбілмансұр ЖАСАН