Мәнерлеп сырғанаудан сайыс өтеді

Мәнерлеп сырғанаудан сайыс өтеді

Сәуір айында Қызылорда қаласында мәнерлеп сырғанаудан белгілі спортшы Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесіне арналған республикалық турнир өтеді.

Жақында Қызылорда облыстық коньки спорты федерациясының кезек­тен тыс отырысында аталған турнир жайында мәселе көтерілді. Жиынға қатысқан Элизабеттің әке­сі Байтақ Тұрсынбаев та бұл ше­шімді мақұлдады. Иә,  Элизабет Тұрсынбаева 2000 жылы Мәскеуде дүниеге кел­ген. Ал әкесі Байтақ Тұрсынбаев Қы­­­зылорда облысының тумасы бол­ғандықтан, қызы ел ішіндегі жа­рыста Сыр өңірінің атынан шы­­­ғады. Сондықтан мәнерлеп сыр­­ға­нау спортында жүрген жасөс­пі­рім­дер үшін аталған турнир үлкен мүм­кіндік  сыйлайды. Элизабет Тұрсынбаева спорт­тық мансабында 2012-2013 жыл­да­ры Этери Тутберидзеден тәлім ал­ған. Одан кейін Канада тумасы, бел­гілі жаттықтырушы Брайан Ор­­­серден мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын үйренді. Ал 2020 жылы ре­сейлік маманның командасына қайта оралды.

Айбике ЖАНАСЫЛ