Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты NАТО шұғыл жиналыс өткізеді
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты NАТО шұғыл жиналыс өткізеді

Солтүстік альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг 6 қаңтар күні ұйым кеңесі шұғыл жиналыс өткізеді, — деп хабарлайды tass.ru.

Күн тәртібінде Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы талқыланады.

Жиынға қатысатындар Иран генералы Сулейманидің өлімінен кейінгі Ирак жеріндегі қазіргі жағдайды талқылап, сараптайды.

Жиын Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша кешкі сағат 20:00-де басталмақ.