«Деректер базасы жұмыс істемейді» – ХҚКО-лардағы ұзын-сонар кезектің себебін түсіндірді
«Деректер базасы жұмыс істемейді» – ХҚКО-лардағы ұзын-сонар кезектің себебін түсіндірді
101
оқылды

Ішкі істер министрлігі өкілдері республикалық автоХҚКО-ларындағы ұзын-сонар кезекке байланысты түсініктеме берді.

«Биылғы 5 қаңтарда ақпараттық жүйелердің жаңартылуына байланысты «көлік құралын тіркеу» және «жүргізуші куәлігін беру» қызметтерін көрсету уақыты ұзарды. Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ бөлімшелеріндегі кезектің шамандан тыс көбеюіне себеп болды. Осыған байланысты 6 қаңтарда туындаған техникалық ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізіледі, одан кейін қызмет көрсету қайта басталады.

Халықты құжаттандыру саласындағы өзге де мемлекеттік қызметтер (жеке куәліктер, паспорттар беру) ХҚКО-да штат тәртібінде көрсетіледі. ІІМ ақпараттық-өндірістік орталығы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды» делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, 4 қаңтарда республика бойынша техникалық жұмыстарға байланысты автоХҚКО-лар жабылған еді. «Азаматтарға арналған үкімет» өкілдерінің айтуынша, жаңа ақпараттық жүйе мен жабдықтарды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.