Шөкеев кәсіпкерлерге жарты сағатта 5 миллион теңге алуға болатынын айтты  
Шөкеев кәсіпкерлерге жарты сағатта 5 миллион теңге алуға болатынын айтты  
125
оқылды

Әкімнің айтуынша, кәсіпкерлерге кредит алу үшін көбінесе, кепіл заттың болмауы кедергі болған. Бұл туралы otyrar.kz жазды.

Өмірзақ Шөкеев шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуде өзекті мәселенің шешімі табылғанын айтты. Бизнесті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының шарттары жеңілдетілді. Енді 5 миллион теңгеге дейін екі жылға кепілсіз несие алуға болады. Кредитті рәсімдеуге жеке куәлік пен кәсіпкер екенін растайтын құжат жеткілікті.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Кепіл затсыз жарты сағатта 5 миллион теңгені кредитке алуға болады. Мұндай мүмкіндік бұрын-соңды болмады. Бұл шағын және орта бизнес өкілдері үшін берілген тағы бір мүмкіндік», – деді.

Кеше Президент несиесін төлей алмай жүргендерге көмек көрсетілетінін айтқан болатын.