Тоқаев: Мұқағалидың туған күні – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той
Тоқаев: Мұқағалидың туған күні – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той
128
оқылды

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Tоқаев Тwitter-дегі парақшасында жазды.

«Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл! Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды. Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той», – деп жазды Президент.

Бүгін қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды. Бұған дейін Мұқағали ғасыры және жаңа поэзия туралы жазған болатынбыз.