Қосымша құн салығының өтемақысы қайтарылатыны туралы видео шындыққа жанаспайды (видео)
Қосымша құн салығының өтемақысы қайтарылатыны туралы видео шындыққа жанаспайды (видео)
142
оқылды

Мемлекеттік кірістер комитеті Youtube желісінде және түрлі мессенджерлерде тараған қосымша құн салығының өтемақысы қайтарылатыны туралы видеоның шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

Бұл туралы аталған комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Айта кетейік, жаңа жылдың алдында қазақстандықтар WhatsApp арқылы Youtube желісінде жарияланған видеоны тарата бастады. «Сообщили новость» деп аталатын роликте tax free бойынша қосарланған құн салығының өтемақысын қайтару тәртібі жайында айтылады. Онымен 100 000 – 1 500 000 теңгенің өтемақысын алуға болады-мыс.