Көктөбедегі аттракционнан құлаған жасөспірімнің оқиғасына қатысты тергеу басталды
Көктөбедегі аттракционнан құлаған жасөспірімнің оқиғасына қатысты тергеу басталды
118
оқылды

Алматы полициясы Көктөбедегі аттракционнан құлаған балаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Сотқа дейінгі тергеу барысында, он төрт жастағы Ф. есімді жасөспірімнің 2 қаңтарда, Көктөбе саябағының аумағындағы аттракционнан құлап, аяқ-қолының сынғаны анықталды. Зардап шеккен жасөспірімнің туыстары бұл жағдай бойынша ешкімге шағымданбайтындығын, баланың аттракционнан байқаусызда құлап кеткенін жеткізді», — деді полиция.

Жәбірленуші тарап шағым түсірмесе де, Медеу аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес «Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Айта кетейік, бұған дейін Көктөбедегі аттракционнан құлаған жасөспірім жайында жазған болатынбыз.