Электронды үкіметтің кейбір қызметтері уақытша тоқтатылды
Электронды үкіметтің кейбір қызметтері уақытша тоқтатылды

eGov.kz порталында әкімшілік полиция комитетінің мемлекеттік қызметтері қолжетімсіз, — деп хабарлайды ҰАТ баспасөз қызметі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы» өкілдері ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығының мамандары жүргізген жұмыстарына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті ұсынатын мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталында 2020 жылы қаңтардың 6-7 аралығында қолжетімсіз болатынын хабарлайды» делінген хабарламада. 

Автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша электрондық қызметтер, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша қызметтер көрсетілген кезеңде жұмыс істемейді.