«Ұшқан құс, жүгірген аңнан аулақ болыңыз» – Қытайда тараған індетке байланысты ескерту
«Ұшқан құс, жүгірген аңнан аулақ болыңыз» – Қытайда тараған індетке байланысты ескерту
5,106
оқылды
Қазақстандықтарға Қытайға барған кезде шығу тегі белгісіз індеттің шығуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы ескертілді. Ескерту туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Ол желтоқсан айының соңынан бастап Хубэй провинциясының Ухань қаласында (Қытай) ресми түрде халықтың этиологиясы анықталмаған пневмониямен ауруының 44 жағдайы тіркелгенін атап өтті. «Инфекция қоздырғышы осы уақытқа дейін анықталмаған. Көптеген жағдай қалалық жаңа теңіз өнімдері базарымен байланысты, онда құстың түрі, қоян, жылан және басқа да бауырымен жорғалаушылар сатылды», — деп түсіндірді ол. «Осыған байланысты осы елге сапарды жоспарлау кезінде Қытайда шыққан белгісіз пневмониямен ауыру жағдайлары туралы ақпаратты назарға алуды сұраймыз», — деп толықтырды Ержан Байтанаев. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласынан Бейжің, Санья және Үрімші қалаларына, Алматыдан Бейжің, Санья, Хайкоу, Сиань және Үрімші қалаларына тікелей әуе рейстері жүріп жатыр. ҚХР-ға баратын тұлғаларға комитетте респираторлық инфекциялардың алдын алудың негізгі шараларын сақтауды ұсынды: * Жіті респираторлық жұқпалар белгілері бар адамдармен байланысудан сақтану. * Жиі қолды жуу, әсіресе, науқас адамдармен немесе олардың ортасымен тікелей байланысқаннан кейін. * Фермалардағы жануарлармен немесе жабайы жануарлармен жақындаудан аулақ болу. * Жедел респираторлық инфекция симптомдары пайда болған кезде медициналық көмекке жүгініңіз.