Биыл Қазақстан азаматтарының шетелдегі қаржылық шотын тексеру басталады
Биыл Қазақстан азаматтарының шетелдегі қаржылық шотын тексеру басталады

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Электронды шот-фактураларды пайдалануы тиіс субъектілерді көбейтеміз. Қазіргі кезде электрондық шот-фактураларды тек қосылған құн салығын төлеушілер, сондай-ақ, пилоттық режимде дәрілік заттар мен алтын өткізушілер ғана қолданады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және Халықаралық қаржы ұйымдарымен мәліметтерді электрондық түрде алмасу аясында көпжақты конвенцияға қол қойылды. Биылдан бастап біздің азаматтардың 100-ден астам юрисдикцияда қаржылық шоттары бойынша ақпарат алмасу басталады», – деді Ерұлан Жамаубаев.

Бұған дейін жалпыға ортақ декларацияны тапсыру туралы жазған болатынбыз.