Балаларға арналған үздік 10 кітап
Балаларға арналған үздік 10 кітап
351
оқылды

Биыл – балалар әдебиетін қолдау жылы. Осыған орай  «Фолиант» баспа­сы 2020-2021 жылдары жарық көрген ба­лалар әдебиетінің үздік шығар­ма­ларын іріктеді.

Баспа үйі бұрындары жас ұрпақты бі­ріктірген М.Әуезовтің «Көксерек» әңгі­ме­сі, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қо­жа» повесі екенін, қазір ақпараттық тех­нологиялар заманында мазмұнды, тәр­биелік құрал бола алатын кітап таңдау қиын­ға соғатынын жазған. Отбасылық кітап оқу мәдениетін қалыптастыру маңыз­ды екенін де атап өткен. Сондай-ақ баспа үйі шетелдің үздік туындыларын қазақ ті­ліне аударуды қолға алған. «Фолиант» баспасы балаларға А.Гриннің «Ал­қызыл желкен. Хикаят. Толқын перісі» кі­табын оқуға кеңес берді. Одан кейін Джо­натан Свифттің «Гулливердің саяхаты» кітабы мен М.Твеннің «Том Сойердің ба­сы­нан кешкендері» бар. Төртінші сатыда В.Обру­чевтің «Жұмақ жері» тұр. Ондыққа Эрих Распенің «Мюнхгаузеннің хикаялары» мен А.Линдгреннің «Ұзыншұлық Пипиі» кір­ген. «Қазақ халық ертегілері» жи­нағы мен Әлия Беркімбаева жазған «Дәуіт атайдың ертегілері» де үздіктердің қа­тарында. Баспа аударған Тулин Көзіко­ғ­лудың «Арман керек адамға» еңбегі мен Баянғали Әлімжановтың «Өлең-Әліппе» жинағы балаларға қанат бітіретіні анық. Қалай десек те, жас оқырмандардың «Дым­білмеспен» бірге саяхаттап, «Моги­кан­­ның соңғы тұяғы» кім екенін білгені жөн. Өйткені әдебиет қана баланы қиял­дауға,  қор­шаған ортаға мейіріммен қарап, ар­ман­дауға үйретеді.

А.АЙДАРҚЫЗЫ