144 миллиард теңгені жымқыру дерегі – Жомарт Ертаев кінәсін мойындады
144 миллиард теңгені жымқыру дерегі – Жомарт Ертаев кінәсін мойындады
126
оқылды

Бұрынғы қаржыгер Жомарт Ертаев Bank RBK-дағы жымқыру ісі бойынша басты сот тыңдауында өз кінәсін мойындады, – деп хабарлады Тengrinews.kz.

Оған қаражат жымқыруды ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алған ақшаны заңдастыру бойынша айып тағылған.  «Кінәмді толықтай мойындаймын», — деді Ертаев мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін.

Дереккөздің айтуынша,  осы іске қатысты 46 эпизод пен 700 том бар. Айыптау актісі 3600 парақтан тұрады, бірақ прокуратура тек 280 бетін ғана оқыды. 

Жомарт Ертаев Bank RBK-дан қызметтік бабын асыра пайдаланып, басқа да тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 144 миллиард теңге жымқыруды ұйымдастырды деп айыпталды.

Тергеу мәліметінше, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған.  Сотталушылар саны — 37, олар осы іске қатысы бар деген күдікке ілінген.

Негізгі күдікті — экс-банкир Жомарт Ертаев.

Сондай-ақ, осы іс бойынша Bank RBK бұрынғы басқарма төрағалары Игорь Мажинов және Марпу Жакубаева бар, сонымен қатар Qazaq banki акционері Бахыт Ибрагим де бар. 

Жомарт Ертаев 2018 жылы қарашада Мәскеуде ұсталды және қамауға алынды.

Сондай-ақ, ол босқын статусынан айырылды.