Қылмыскер кінәні өзгеге артпақ
Қылмыскер кінәні өзгеге артпақ
141
оқылды

Балқаш қаласында 7 жа­сар қызды зорлаған ер адам 19 жылға бас бостандығынан айы­рылды. Сотталушы сот үкі­міне қарсы шығып, по­ли­ция өзін азаптады деп айып­тады.

Қылмыс 2019 жылдың қараша айын­да Балқаш қаласындағы пә­терде болған. Шалғай ауылдан ме­дициналық тексерістен өту үшін Балқашқа келген әйел бір аза­матпен танысады. Ер адам оны үйіне бірнеше күн бірге тұруға ша­қырады. Паналайтын баспана тап­паған әйел келіседі. Әрі ме­ди­циналық тексеріс те ұзаққа со­зы­лады. Кейін әйел қалаға қызын алып келіп, ер адамның үйінде тұ­руын жалғастыра береді. Бір күні 44 жастағы қожайын әйелді дү­кенге жұмсайды да, өзі қызбен қа­лады. Әйел дүкеннен оралғанда жар­тылай жалаңаш қызын көреді. Баласын жанталасып киіндірген әйел далаға атып шығып, көмек ша­­қырады. Көршілер полицияға ха­барлайды. Үйдің қожайыны әйел­ді тоқтатуға тырысады, қыз бала барлық жері ауырып тұр­ға­нын айтып, жылап тұрады. Жедел жеткен полиция Қыл­мыс­тық кодекстің 121-бабы 4-бө­­­лімі бойынша «Кәмелетке тол­мағандарға қатысты сексуалдық си­паттағы зорлық-зомбылық әре­кеттер» бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс Қарағанды қаласының қыл­­­­мыстық соты бойынша ма­ман­­дандырылған ауданаралық со­­тында қаралды. Айыпталушы 19 жыл­ға бас бостандығынан айы­­рыл­­ды. Ер адам жауап алу ке­зін­де по­лиция қызметкерлері қат­ты азап­тады деп айыптады. Ол аяғы сы­нып, ау­­ру­ханаға түс­­кен екен. Бірақ сот­­та бұл де­рек оған көмектес­пе­ді. Сот қыз­ға шабуыл жасаған кез­де оның мас бол­­ғанын ауыр­ла­та­тын жағдай деп шешті. Пси­хиат­рия­лық сараптама сотталу­шы­ға хи­миялық кастрацияны қа­жет ет­пейтінін көрсетті. Азамат сот үкіміне қарсы шы­­ғып, шағым түсірді. Қара­ған­­ды облыстық сотының бас­па­­сөз қызметі оның шағымы қа­­­­­былданбағанын, үкім заңды кү­­шіне енгенін хабарлады.

 Ләззат ҚОЖАХМЕТ, Қарағанды облысы