WBA және WBO титулдары бар жеңілмеген қазақстандық рингке қашан оралады?
WBA және WBO титулдары бар жеңілмеген қазақстандық рингке қашан оралады?
5,128
оқылды

Боксшы жарақатынан сауығып жатыр.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) жарақатынан кейін рингке қашан оралатыны белгілі болды, –деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазіргі таңда Жаңабаев Таразда қайтадан жаттығуды бастаған. Боксшының командасына жақын мәлімет көзінің ақпаратынша, Нұрсұлтан келесі жекпе-жегін наурызға белгілеп отыр. Ол жартылай орта дивизионда WBA Inter-Continental және WBO Oriental белбеулеріне ие. 
Айта кетейік, Жаңабаев 21 желтоқсанда Ресейде өткен бокс кешіне он күн қалғанда жарақаттанған еді. Бұл жекпе-жекте оның қарсыласы 38 жастағы венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО) болу керек еді.
Ал бұл шоудың басты кездесуінде ресейлік Денис Лебедев (32-2, 23 КО) африкалық Табисо Мчунуден (21-5, 13 КО) төрешілер шешімімен жеңілді. Бұл жекпе-жек андеркартында супер орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) венесуэлалық Омар Гарсияны (15-3, 12 КО) нокаутқа түсірді.