Алматы облысында бірнеше ауылды топан су басып, тұрғындар мектепті паналап отыр
Алматы облысында бірнеше ауылды топан су басып, тұрғындар мектепті паналап отыр
158
оқылды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

Оның айтуынша, Алматы облысы Ескелді ауданындағы Ешкіөлмес, А.Алдабергенов және Көксу ауданының Талапты ауылын су басқан.

«8 ақпан күні түнде Алматы облысының ТЖД-ға 3 елдімекенінде 40 жеке тұрғын үйдің ауласын су басқаны туралы хабар жетті. Құтқарушылар Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында оқиға орнынан 10 адамды эвакуациялады. Олар орта мектепке орналастырылды. Мотопомпалардың көмегімен су сорғытылды. ТЖД-да жедел штаб құрылды. Хабарласу үшін жедел желі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта арықтарды тереңдетіп, бөгет салып жатыр», – деді Талғат Уәли.

Су басқан ауылдарға Алматы облысы ТЖД-ның 67 қызметкері мен 15 бірлік техника, 18 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 28 қызметкер, 5 бірлік техника және 5 бірлік мотопомпа, АПБ 7 қызметкер, 3 бірлік техника жұмылдырылды.