«Кел, шәй ішейік!»
«Кел, шәй ішейік!»

Жастар үшін Жаңа жылдың алғашқы жұмыс аптасы қайырымдылық шарамен басталды. Jas Otan Жастар қанатының белсенділері аязда таңнан кешке дейін елорданың көшелерін қардан тазартып жүрген коммуналды қызметкерлерге ыстық шәй ұсынды.

Белсенді жастар таңертеңнен шағын автобуспен қала ішін аралап, жұмыс жасап жатқан қызметкерлерге тіскебасар ұсынып, шәйға шақырды. Одан бөлек жұмыс тоқтап қалмас үшін қолдарына күрек алып, жол жиектеріндегі қарды тазалап, жаяужолдарды мұздан тазартуға көмектесті.

«Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деген сөз бар, бүкіл адамзат баласы басқа тұлғаның еңбегін бағалап білу керек. Осы акция Jas Otan Жастар қанатының белсенділерімен жыл сайын өткізіледі. Акцияның басты мақсаты – коммуналдық қызмет қызметкерлеріне осындай аяз күндері атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдіру болып табылады. Кейде, күнделікті өмірде, бұл адамдардың еңбегін ешкім байқамайды. Олар бізге таза қала түріндегі әдемі көріністі ұсыну үшін және сағат 6-да ауысымға шығу үшін, таңғы сағат 4 - те оянып, қатарда тұрады. Коммуналдық қызмет қызметкерлерінің тәулік бойы жұмыс атқаруының арқасында біздің таза қаламен қозғалуға мүмкіндігіміз бар. Біз бүгінгі акциямен қала тұрғындарын бір-біріне жылу мен күлкі сыйлауға шақырғымыз келеді», – дейді Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек.

Естеріңізге сала кетсек, акция 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласында тура осы уақытта басталып, еліміздің барлық аймақтарында жалғасын тауып еді.

Қатысушылар үшін шараның ең керемет кезі қызметкерлердің күтпеген жерден пайда болған бізге шынайы күлкі сыйлап, алғыстарын жаудырған сәті дейді. Арасында батасын беріп, күнделікті кездесетін қиындықтарымен бөлісетіндері де аз емес екен.

шай2.jpg