Дәулеті арта түскен байлар кімдер?

Дәулеті арта түскен байлар кімдер?

Олар өткен жылдың әлемдегі ең бай адамы болып танылды.

Біріншісі, америкалық кәсіпкер – Джефф Безос. Оның негізгі есімі – Джеффри Престон. Ол Amazon.com интернет-компаниясының басшысы әрі негізін қалаушы. Сонымен қатар Blue Origin аэроғарыштық компаниясы мен The Washington Post баспасының иесі.

Джефф Безос

Оның байлығы – 115 млрд доллар. Бірақ ол бір жылдың ішінде жинаған қорын 13 млрд долларға азайтып алған. Оған себеп – жұбайымен ажырасуы. Ол Amazon компаниясының 25 пайыз акциясын соған берген.    


Джефф Безос әйелі Маккензимен

Екіншісі елге Билл Гейтс есімімен танымал болған – ІІІ Уильям Генри Гейтс. Кәсіпкер әрі қоғам қайраткері, Microsoft компаниясын негізін қалаушы және ірі акционердің бірі.

Билл Гейтс

Оның табысы – 113 млрд доллар. Қайырымдылықпен айналысатын ол АҚШ-тағы білім дағдарысымен күресу үшін 2018 жылы 460 млн доллар бөлген. 

Жастық шағы

Ал былтыр өлімге әкелетін аурумен күресуге 700 млн доллар жұмсаған.

Бернар Арно

Үшіншісі, француз бизнесмені Бернар Арно. Ел арасында оны «Бренд коллекционері» деп те атайды. Ол Louis Vuitton Moët Hennessy компаниясының президенті.

Louis Vuitton Moët Hennessy

Оның табысы – 105 млрд доллар. Кәсіпкер 2018 жылдың сәуірінде Еуропадағы ең бай адам деп танылған. Сонымен бірге меценат көркем сурет өнерін жинақтағанды ұнатады екен.

Уоррен Баффет

Уоррен Баффет – әлемдегі ең ірі және әйгілі инвесторлардың бірі. Негізгі табыс көзі – Berkshire Hathaway компаниясы.

Оның бала кезі

Оның байлығы 89,3 млд доллар. Ол алғашқы табысын 6 жасында тапқан. Ал 11 жасында бірінші акциясын сатып алған.

 Марк Цукерберг

Тізімнің соңын интернет-технология саласындағы кәсіпкер Марк Цукерберг еншіледі. Ол Facebook-тің негізін қалаушысы.

Марк әйелі Присцилламен бірге

Оның жалпы табысы – 78,4 млрд доллар. Миллиардердің төменгі сатыға түсуіне Cambridge Analytica компаниясымен жанжалы әсер етті. Онымен соттасып жүргенде ол 17 млрд долларынан айырылды.