Елдің дамуы талқыланды
Елдің дамуы талқыланды
106
оқылды

4 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Пре­зи­дент Әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыт­тары жөнінде жиын өткізді.

Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен сыртқы саясат жөніндегі мәселелері талқыланды. 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды.

Абайдың 175 жылдығы мен әл-Фа­­­­рабидың 1150 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру шара­лары да пысықталды.

Сондай-ақ аймақтарды эко­номи­калық жә­не әлеуметтік дамыту жөніндегі іс-шаралар мен 2020 жылдың І тоқсанына жоспарланған маңыз­ды мәселелер талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқарудың тиімділігін арт­­­­тыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу­­­дегі жұмыс­тарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.