Жәнібек Әлімханұлы чемпиондыққа жақындай түсті

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондыққа жақындай түсті

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингісі жаңартылды. Prosports.kz-тің хабарлауынша, бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев рейтингке енді. Қазіргі уақытта ол 37-орында тұр.

Бұл салмақта WBC чемпионы – конголық Илунгу Макабу. Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы (WBC ABCO белбеуінің иегері) 12-орында. Тағы бір отандасымыз Әли Ахмедов 23-орынға төмендеді. Осы салмақтағы чемпион – мексикалық Сауль Альварес. Орта салмақтың ТОП-15 тізіміне екі қазақстандық енген. Олар: Жәнібек Әлімханұлы (6-орын), Мейірім Нұрсұлтанов (15-орын). Ал «Канелода» франчайзинг белбеуі болса, америкалық Джермалл Чарлода қарапайым чемпион атағы бар. Бірінші орта салмақта WBC Francophone белбеуінің иегері Садриддин Ахмедов 17-орынға көтерілді. Осы салмақтағы тағы бір жерлесіміз Тұрсынбай Құлахмет (WBC International белбеуінің иегері) 27-орында тұр. Бұл салмақтың чемпионы – америкалық Джермелл Чарло. Жартылай орта салмақтағы үздіктер тізімінде жалғыз қазақстандық бар. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 23-орында тұр. Бұл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі америкалық кіші Эррол Спенске тиесілі. Бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингте Батыр Жүкембаев (8-орын) алғашқы ондыққа енді. Бұл салмақтағы титулдың иегері – америкалық Хосе Рамирес. Жас боксшы Сұлтан Зәуірбек (WBC Youth белбеуінің иегері) екінші жартылай жеңіл салмақта 37-орынға жайғасқан. Бұл салмақтағы WBC титулы мексикалық Мигель Берчельтке тиесілі.