Ақмола облысында жолдар жабылды

Ақмола облысында жолдар жабылды

Ақмола облысында қолайсыз күн райы салдарынан республикалық маңыздағы жолдар жабылды. Әсіресе, Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолында жағдай қиын. Көлік жүргізушілері ескертуді елемей сапарға шыққан.

Қазір Шучинск елді мекенінің тұсында жол сақшылары оларды керіп қайтарып жатыр. Жалпы кешелі бері жолда қалып қойған 94 адам құтқарылған. Олардың –13-і бала.

– Бурабай ауданынында 37, Ерейментауда 40 адам құтқарылды. Бұдан бөлек, Приречное ауылы тұсында апатқа ұшыраған 5 адамға көмек көрсетілді. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік аудырылып қалған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Құтқарылған азаматтар жылыту орындарына орналастырылды, – облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.