Паралимпиада чемпионы допинг қолданғаны үшін шеттетілді
Паралимпиада чемпионы допинг қолданғаны үшін шеттетілді
121
оқылды

Қысқы Паралимпиада ойындарында ең алғашқы алтын медальді иеленген Александр Колядиннің сынамасынан допинг табылды.

47 жастағы спортшы мельдоний қолданған. Ол үш жылға - 2021 жылдың 13 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 13 қаңтарына дейін спорттан шеттетілді. Колядин 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы Паралимпиада ойындарында классикалық стильдегі 1,5 шақырымдық спринтте бірінші орын алып, алтын медаль жеңіп алған еді.