Жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
Жұмысқа тұрғызуға уәде берген алаяққа 4 млн теңге берген
122
оқылды
Елордалық алаяқ Жаңаөзен тұрғынынан жұмысқа тұрғызу үшін 4 млн теңге ақша алған, деп хабарлады Polisia.kz. Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жүгінген. Оның айтуынша, басқа қаладан келген ер адам оны жұмысқа орналастыруға уәде беріп, көмегі үшін одан алдын ала 4 млн теңге ақшасын алған. Алайда уәде етілген жұмысқа орналастыру туралы мәселе шешілмегендіктен, қала тұрғыны алданғанын ұғып, полицияға шағымданған. Жедел уәкілдер осы іске қатысы бар деген күдікпен Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, аталған азамат полицияға жеткізілді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.