Студенттер елге қайта ма?
Студенттер елге қайта ма?
Қазақстан өз азаматтарын Қытай­дан шы­ғара алмай отыр. Сыртқы істер ми­нистр­лігі­нің 27 қаңтарда берген мә­ліметіне сүйенсек, «Қытай тарапы ешбір ел­ге өз аза­­­маттарын әке­туге әлі рұқсат берген жоқ» дей­­ді.  Бұған дейін кей­бір БАҚ беттерінде кей мемле­кет­, оның ішін­­де  Өзбекстан, АҚШ елдері өз аза­маттарын тәж ви­ру­сы тара­ған Уханьнан эвакуация­лауға ба­­ра жатыр де­ген ақпарат тараған еді. Қазақстан Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров карантин енгізілгенге дейін ми­нистрлік осы қаладағы қазақстандықтардың са­ны туралы ақпарат жинап, түрлі сценарийлерге дайын­далғанын түсіндірген еді. Бірақ Қытай билігі Уханьды жауып тастап, ешкімді сыртқа шығармай отыр. ҚХР-дағы қазақстандық дип­ломаттар қазақстандықтарды эвакуациялау жолдарын қарас­тыра басталды. Карантин жария­лаған алғашқы күндері олар Қы­тай тарапына осы мүмкін­діктің бар-жоғын анықтау үшін тиісті хаттар да әзірлеген еді.  width= Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Уханьда жүзге жуық студенттің бар екенін хабарлаған. Әзірге елшілік қызметкерлері студенттермен жиі байланысып отыр. Жалпы, Қытай елінде 1 мың­­нан астам қазақстандық студент бар. Олардың арасында кон­сулдықта тіркелмегендері де кездеседі. Әзірге Қытай тарапы ешбір елге өз азаматтарын алып кетуге рұқсат берген жоқ. Өйткені қа­лалар карантинге жабылған. Соңғы ақпараттарға сүйен­сек, қазақстандық студенттерді эвакуациялау мәселесі шешімін тапқан секілді.
«Үкімет студенттерімізді эва­куациялау мәселесін қарқынды түрде зерттеп жатыр. Таяу уақыт­та шешім қабылданады, оны қо­­сымша хабарлайтын бола­мыз», – деді Бас санитар Жан­дарбек Бекшин журналистерге берген сұхбатында.
Бекшиннің айтуынша, ал­горитм жасалды, соған сәйкес азаматтардың тізімі біздің меди­циналық ұйымдарға беріледі. Олар күні бойы медициналық бақылау жүргізеді. «Ары қарай біз медициналық ұйымдардың үл­гі­лерін диагноз қою үшін зерт­ха­наларға жеткізудің алго­ритмдері мен логистикасын жа­­­садық. Ары қарай ДДСҰ-на жі­береді», – дейді ол.   Жансұлтан ТҰРҒАНБАЙ