Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан шығара алмай отыр. Сыртқы істер министрлігінің 27 қаңтарда берген мәліметіне сүйенсек, «Қытай тарапы ешбір елге өз азаматтарын әкетуге әлі рұқсат берген жоқ» дейді. Бұған дейін кейбір БАҚ беттерінде кей мемлекет, оның ішінде Өзбекстан, АҚШ елдері өз азаматтарын тәж вирусы тараған Уханьнан эвакуациялауға бара жатыр деген ақпарат тараған еді.
Қазақстан Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров карантин енгізілгенге дейін министрлік осы қаладағы қазақстандықтардың саны туралы ақпарат жинап, түрлі сценарийлерге дайындалғанын түсіндірген еді. Бірақ Қытай билігі Уханьды жауып тастап, ешкімді сыртқа шығармай отыр.
ҚХР-дағы қазақстандық дипломаттар қазақстандықтарды эвакуациялау жолдарын қарастыра басталды. Карантин жариялаған алғашқы күндері олар Қытай тарапына осы мүмкіндіктің бар-жоғын анықтау үшін тиісті хаттар да әзірлеген еді.
«Үкімет студенттерімізді эвакуациялау мәселесін қарқынды түрде зерттеп жатыр. Таяу уақытта шешім қабылданады, оны қосымша хабарлайтын боламыз», – деді Бас санитар Жандарбек Бекшин журналистерге берген сұхбатында.Бекшиннің айтуынша, алгоритм жасалды, соған сәйкес азаматтардың тізімі біздің медициналық ұйымдарға беріледі. Олар күні бойы медициналық бақылау жүргізеді. «Ары қарай біз медициналық ұйымдардың үлгілерін диагноз қою үшін зертханаларға жеткізудің алгоритмдері мен логистикасын жасадық. Ары қарай ДДСҰ-на жібереді», – дейді ол. Жансұлтан ТҰРҒАНБАЙ