Биткоин рекордтық деңгейден асып кетті
Биткоин рекордтық деңгейден асып кетті
Биткоин криптовалютасының құны рекордтық деңгейден асты. Орташа курс 47 500 доллардан асқан. Бағаның өсуіне Tesla компаниясың криптовалютаға 1,5 млрд доллар көлемінде инвестиция құюы себеп болған.  Сауда қорытындысы бойынша биткоин бағасы 1,56%-ға өсіп, 47,174 мың доллар болды. Бұл туралы CoinDesk басылымы хабарлады. Бұған дейін 47,550 мың долларға дейін көтерілген еді.  Осылайша криптовалюта бірнеше сағат ішінде рекордтық көрсеткішке жетті. Корпорация өкілдерінің айтуынша, жақын арада өнімдерді сату барысында биткоинді қабылдай бастайды.