Қостанайдағы жүздесу
Қостанайдағы жүздесу
171
оқылды

Қостанай облысына жұ­­мыс сапарымен барған Мә­жіліс депутаттары Әулие­көл ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысан­ды ара­лады. Алдымен халық қа­лау­­лылары Әулиекөл ау­да­ны­ның активімен кез­десті.

Тұрғындар түйткілді мәсе­лелерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, аудан тұр­ғыны Фаина Михайловна сауда-саттық нысандарына бірнеше жыл бойы газ құбырының жүр­гізілмегенін тілге тиек етіп, 40 сауда ұйымының өкілі қол қойған ұсынысхатты депутаттарға ұсын­ды. Бұл мәселеге депутат Қуаныш Сұлтанов жауап берді. Ол өз кезегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сырмасы бойынша, депутаттар елді мекендерді аралап, тұрғын­дардың мәселелерін шешуге атсалысып жатқанын айтты.

Әулиекөл бастауыш мектеп-интернатының ұжымымен әң­гіме барысында депутаттар «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануына бай­ланысты өзгерістерді түсіндірді.

– Жаңа заң педагогтардың кәсіби қызметтегі құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі көрсетеді және материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Бұған қоса әлеуметтік кепілдіктерге қатысты нормаларды қамтиды. Халықаралық олимпиада, түр­лі байқау және спорт жарыс­тарының жеңімпазын әзірлеген мұғалімді үш еңбекақы мөл­шерінде сыйақымен марапаттау, ауылдық жерде тұратын мұға­лімдерге жер телімін алуда ба­сымдық беру мәселесі қарас­тырылған, – деді депутат Ирина Аронова.

Ал Nur Otan партиясы фрак­циясының мүшесі Альберт Рау Краснооктябрь боксит кеніші басқармасының автокөлік цехы ұжымымен кездесті. Цехта мә­жілісмендер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылуы және атқарылған жұмыстары жөнінде сөз қозғады.


Әбілмансұр ЖАСАН