Aдам өміріне қауіп төндірген бағана
Aдам өміріне қауіп төндірген бағана
186
оқылды

Талдықорған қаласы Өте­най ауылына қарасты Жақсыгелдинов көшесіндегі 13-үйдің қожайыны В.Захаров үйінің жанында бетондық электр бағанасының апаттық жағдайда, яғни үйге қарай қисайып кеткенін аңғарып, жергілікті электр желі тасымалдаушы мекемелерге бірнеше рет хат хабарласып, оңдыжауап ала алмаған.

Шарасыз тұрғын үй иесі «Nur Otan» партиясының об­лыстық филиалына WhatsАpp желісі арқылы өтінішін біл­діріп, нұротандықтар бұл мәселені бақылауына алды. Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орын­ба­сары, облыстық мәслихат де­путаты Г.Тойлыба­ева атал­ған сұрақ бойынша бірден жер­гілікті электр та­сымалдаушы мекемелерге хабарласты. Нәти­жесінде, мекеме өкілдері аталған тұрғын үй ауласына келіп, арнайы техника кра­нымен бетондық бағананы алып тас­тады. Мә­селенің шешілгеніне қуан­ған үй иесі партиялықтарға алғысын ай­тып, жылы лебізін білдірді. – Бұл бағана біздің үйге қарай қисайып тұрды. Қанша күннен бері бірқатар мекемеге хабарластық, еш нәтиже бол­мады. «Nur Otan»-ға хабарласып, оларға бұл мәселені жеткіздік. Тез арада әрекет етіп, ертеңгісін келіп, бағананы алып тастады. Көмекке келген партиялықтарға алғыс білдіремін, – деді үй иесі В.Захаров. Партиялықтар тарапынан бетондық бағаналардың сапасыз орнатылуы және құрылыс уақы­тында мердігер мекеменің жер­гілікті коммуналдық қызметі балансына салынған баға­на­ларды тапсыру заңдылығы бо­йынша мониторинг жүр­гізіліп, алдағы өтетін партиялық бақы­лау комиссиясының оты­ры­сын­да қаралмақ.