Кәсіпорындарды аралады
Кәсіпорындарды аралады
159
оқылды

Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фрак­ция­сының мүшелері Ба­қытжан Ертаев пен Қожа­хан Жа­бағиев іссапармен об­лыс орталығынан шал­ғай жат­қан Талас ауда­ны­на бар­ды. Мәжіліс депу­тат­та­ры және ау­дан әкімі Бақыт Қазан­басов бас­та­ған сала бас­шы­лары ал­ды­мен жы­лы­на 300 мың тонна цемент өн­діруге қау­қарлы «Жам­был-Недр» ЖШС-де болды.

Кәсіпорын өткен жылы 18 500 тонна цемент пен 7 200 тон­на күйдірілген кірпіш өндірген. Қазіргі таңда 164 адам жұмыс істейтін серіктестік алдағы уа­қыт­та 500 мың тоннаға дейін әк тасын және бетон өндіретін за­уыттың құрылысын қолға алуды жоспар­лап отыр. Бұл туралы «Жамбыл-Недр» ЖШС бас директоры Болатбек Батырбеков баяндады.

Сондай-ақ халық қалау­лы­лары TalasinvestCompany ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кә­сіпо­рын былтыр 11 001,33 мил­лион тең­генің өнімін өндір­ген. Серіктестік еліміздегі бір­ден-бір кәсіпорын болғандықтан келе­шек­те зауыттың екінші же­лісін іске қоспақшы. Ондай жағ­дайда ме­кеменің өндіріс қуаты артып, өнім көлемі 30 мың тон­наға жетеді.

Кездесу барысында Talastin­vestCompany ЖШС тарапынан туындап отырған мәселелерді на­зарға алатынын жеткізген Қо­жа­хан Жабағиев кәсіпорынның жұ­мы­сына сәттілік тіледі. Одан ке­йін­гі бағыт «ҚаратауПро» жа­уап­кер­шілігі шектеулі серік­тес­тігі болды.

Сапар соңында Мәжіліс де­путаты Бақытжан Ертаев пен Қожахан Жабағиев Nur Otan пар­тиясы аудандық филиалы ғи­маратының мәжіліс залында тұрғындардың ұсыныс-тілектері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесуде қабылдауға жазылушылар тарапынан Қа­ратау-Ақкөл бағытындағы көлік жолына, «Жартас» көлінің жағ­да­йы мен қалаішілік жолдардың құрылысына, құжаттарын заң­дас­тыра алмай отырған үй ие­ле­ріне қатысты мәселелер көте­ріл­ді. Туындап отырған түйткілдерді зейін қойып тыңдаған халық қа­лаулылары ұсыныстардың еске­русіз қалмайтынын айтты.

 

Жамбыл облысы