Мұқтаж жандарға қамқорлық

Мұқтаж жандарға қамқорлық

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғам­дық қабылдау бөлмесінде қалалық мәслихат депутаты Наргиз Керімбаева кезекті қабылдауын өткізді. Халық қалаулысы аза­маттарды қабылдап, оларға заң аясында кеңес беріп, бірқатар мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпал етті.

Қабылдауға келген бес баланың анасы Ольга Пономарева күйеуінің жұмыссыз, жәрдемге мұқтаж екенін айтты. Нәтижесінде, аталған азамат­шаға материалдық көмек көрсеті­летін болды. Үш бірдей мүмкіндігі шектеулі баласы бар азаматша Мадина Тайжанова ДЦП диагнозды бала­ларына арнайы аяқкиім керек екенін тілге тиек етіп, көмек сұрады. Қа­былдау барысында оның өтініші толығымен орындалды. Азаматша А.Орманова да өзіне, күйеуіне және үш баласына арнайы көзілдірік алып беруін сұрады. Бұл мәселе де оң шешімін тапты. Соны­мен қатар әлеуметтік және заңгерлік көмек сұрап келген барлық азаматқа консультативтік көмек көрсетілді.

Әбілмансұр ЖАСАН