«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Өңір басшысы орынбасарының қабылдауына келушілер жер алу, тұрғын үй, айыппұл төлеу кезінде туындаған мәселелерді көтерді. Сәйкесінше, Алмас Өскенбайұлы қабылдауға келушілердің көкейінде жүрген түйткілдердің түйіні заң шеңберінде шешілетінін жеткізді. Қоғамдық қабылдауға «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Олжас Қаржауов, облыс әкімдігі Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова, «Жамбыл су» мекемесінің директоры Марат Смайлов, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмайл арнайы қатысып, азаматтар тарапынан туындаған сауалдарға нақты жауап берді. Қоғамдық қабылдау нәтижесінде облыс әкімінің орынбасарына түрлі мәселемен қайырылған 3 азаматтың өтініші қанағаттандырылды.Әбілмансұр ЖАСАН